Түркістан қаласында дәстүрлі түрде өткізілетін «Жазғы демалыс – спортпен» атты ашық алаң ойындары биыл да өз жалғасын тапты. Іс-шараның басты мақсаты – қала тұрғындарының жазғы демалысын тиімді және салауатты өткізуіне мүмкіндік жасау, сондай-ақ ұлттық спорт түрлерін кеңінен насихаттап, халық арасында бұқаралық спортты дамыту,- деп хабарлайды turkistan.today
Биылғы маусымның ашық алаң ойындарын қалалық мәслихат төрағасы Ғаппар Сәрсенбаев пен Қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Кадырболат Мұсағалиев ашып берді.
Жарысқа 5 жастан 50 жасқа дейінгі түрлі жастағы қала тұрғындары қатыса алады. Биылғы ойындарға 200-ге жуық адам тартылып, спорт түрлері бойынша жарыстар ұйымдастырылды. Атап айтқанда, қазақ күресі, асық ату, арқан тарту, тоғызқұмалақ, ләңгі тебу сынды ұлттық спорт түрлерімен қатар, заманауи белсенді ойындар да қатысушылар назарына ұсынылады.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай жарыстар бұқаралық спортқа деген қызығушылықты арттырып қана қоймай, әр жастағы тұрғындарды салауатты өмір салтын ұстануға ынталандырады.
Ашық алаң ойындары жаз мезгілінің соңына дейін жалғасады.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.