Түркістан қаласы әкімдігі тарапынан 2025 жылға жоспарланған жол жөндеу жұмыстары кезең-кезеңімен қарқынды жүзеге асырылып келеді,- деп хабарлайды turkistan.today
Солардың бірі Шауғар секторына қарасты М.Абенова көшесінде жол құрылысы аяқталуға жақын. Жоба аясында екі жақтама жиектас орнатылып, ені 10 метр болатын жаңа асфальт жабындысы төселеді. Жөндеу жұмыстары қыркүйек айының соңына дейін аяқталуы жоспарлануда.
Сонымен қатар, Отырар секторындағы Яссы – Гаухар ана көшелері аралығындағы жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Мұнда асфальт төсеу және бір жақтама аяқжол салу жұмыстары қарастырылған. Бұл жұмыстар да қыркүйек айының соңына дейін толық аяқталмақ.
Айта кетелік, бүгінде Түркістан қаласы аумағында жалпы ұзындығы 845 шақырымды құрайтын 875 көше бар. Жол сапасын арттыру және тұрғындарға қолайлы инфрақұрылым қалыптастыру мақсатында 2025 жылы қосымша 138,5 шақырым жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Аталған жұмыстар толығымен іске асқан жағдайда, қаладағы жақсы жағдайдағы жолдардың үлесі 70 пайызға жетпек.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.