Салтанатты шарада ақын Қасымхан Бегманов жазушы жайында баяндама жасады
Алматы қаласында қазақ әдебиеті мен журналистикасына зор үлес қосқан жазушы, аудармашы және журналист Еркінбай Әкімқұлов тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылды,- деп хабарлайды turkistan.today
Салтанатты шарада ақын Қасымхан Бегманов жазушы жайында баяндама жасады. Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Мереке Құлкенов және Алматы қаласының Мәдениет басқармасының басшысы Ғани Майлыбаев салтанатты шараға қатысып, атаулы оқиғаның мән-маңызы, тарихи құндылығы туралы сөз сөйледі.
Еркінбай Әкімқұлов 1937 жылы 4 қыркүйекте қазіргі Түркістан облысы, Отырар ауданы, Балтакөл ауылында дүниеге келген. 1959 жылы Қазақ мемлекеттік университетін тәмамдағаннан кейін, өзінің еңбек жолын «Лениншіл жас» газетінде әдеби қызметкер болып бастаған. Кейін Алматы қалалық партия комитетінде нұсқаушы, «Жазушы» баспасында редакция меңгерушісі, Қазақ радиосында аға редактор, «Жалын» баспасында редактор болып жұмыс атқарды.
Салтанатты рәсімде сөз алған қатысушылар Еркінбай Әкімқұловтың шығармашылық мұрасының қазақ әдебиеті мен мәдениетіне қосқан үлесін ерекше атап өтті. Жазушының терең ойлы туындылары мен аудармалары қазақ тілінің байлығын насихаттауға, оқырмандардың рухани кемелдене түсуіне ықпал еткенін атап өтті.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.