Дін саласындағы кәсіби мамандарды даярлау және аймақтағы діни ахуалды нығайту мақсатында Түркістан облыстық дін істері басқармасының делегациясы «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетіне арнайы сапармен барды,- деп хабарлайды turkistan.today
Облыс әкімінің тапсырмасымен барған делегация құрамында Түркістан облыстық дін істері басқармасының басшысы Рүстем Сабыржанұлы, басқарманың «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ директоры Халықов Медет, сондай-ақ, орталықтың директор орынбасары Ағабеков Дархан болды.
Кездесу барысында университет ректоры, профессор Ахмед Хусейн Мухаммад делегацияны қабылдап, бірқатар маңызды мәселелерді талқылады. Жиынның нәтижесінде тараптар дін саласындағы білікті мамандарды даярлау, исламтану, дінтану және теология бағыттарында тәжірибе алмасу, студенттерді болашақ жұмыс орындарымен қамтамасыз ету мәселелері бойынша ынтымақтастық меморандумына қол қойды.
Бұдан бөлек, басқарма басшылары университетте білім алып жатқан өңірлік шәкірттермен арнайы жүздесіп, оларды діни құрылымдарында жұмыс істеуге шақырды. Бұл кездесулер жас мамандардың кәсіби өсіміне бағыт-бағдар беру және елдің рухани дамуына үлес қосуға шабыттандыру мақсатында ұйымдастырылды.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.