Дүкеннен тауар алған адам тұтынушы болып есептеледі. Ал тұтынушының өз құқықтары барын бірі білсе, бірі білмейді. Сондықтан тұтынушы өзіне ұнамай қалған немесе сапасы нашар тауарды, оған төлеген ақшасын қалай қайтара алатынына тоқталайық,- деп хабарлайды turkistan.today
Тауарды қайтарған немесе айырбастаған уақытта ең маңызды екі нәрсе бар:
• Тауарлық немесе фискалды түбіртектің болуы;
• Тауарды сатып алған күннен бастап 14 күнде қайтару.
Егер тауарда ақау болмай, тұтынушыға оның түсі немесе функционалы ұнамаса, сатушы сатып алушыға тауарды айырбастап немесе ақшасын қайтарып беруге міндетті. Сондай-ақ айырбастайтын тауар болмаса, сатушы күнтізбелік он күнде айырбастап беруіне болады.
Ақшаны қайтару уақыты тауар құнын қалай төлегеніңізге байланысты. Қолма-қол ақшамен төлесеңіз, тауар ақшасы бірден кассада қайтарылады. Картамен төлеген жағдайда, қаражат белгілі бір уақыттан соң қайта картаңызға түседі. Осы орайда, ескеретін жайт – қайтаратын тауардың қолданылмаған болуы.
Бірақ қайтаруға жатпайтын тауарлар да болады. Олар: дәрі-дәрмектер, шұлық бұйымдары, іш киімдер, метражбен сатылатын тауарлар, өсімдіктер мен жануарлар, ұялы телефондар.
Есте сақтаңыз!
Әсіресе қымбат тауарды сатып алған уақытта өзіңізді тауармен бірге сол дүкенде суретке түсіргеніңіз жөн. Себебі дүкенде суретке түсуге тыйым салынбайды. Ал сіз сол сурет арқылы түбіртекті жоғалтқан немесе түбіртек берілмеген жағдайда дүкеннен тауар алғаныңызды дәлелдей аласыз.
Сақтық үшін сатып алған тауар түбіртегін, қаптамасын және құжатын кепілдік немесе пайдалану мерзімі аяқталғанша сақтаған абзал.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.