Табиғат аясындағы жастардың демалысы кісі өлімімен аяқталды

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Әртүрлі 11 мамыр, 2023

Атырауда жастардың табиғат аясындағы демалысы кісі өлімімен аяқталды, деп Turkistan Today хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап. 

Мамырдың 7-нен 8-не қараған түнде Индер ауданы Жарсуат ауылы маңында қайғылы оқиға орын алған.

azh.kz сайтының мәліметінше, Атырау облысы ауданындағы Индербор кенті мен Жарсуат ауылы жастары табиғат аясына демалуға шығады. Неден туындағаны белгісіз, далалықта жастар арасында өзара келіспеушілік туындайды. Жанжалдың соңында жақында әскерден келген Жарсуат ауылының 19 жасар тұрғыны пышақ жарақатынан қайтыс болды. 

Полиция осы оқиғаға байланысты тергеп-тексеру амалдарын жүргізіп жатыр. Күдікті ретінде Индербор кентінің 19 жасар тұрғыны ұсталды. Соттың санкциясымен екі айға уақытша тергеу изоляторына қамауға алынды. 

1.4k

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.