Такси бағасы бойынша елдер рейтингі: Қазақстан қай орында?

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Жаңалықтар 20 ақпан, 2023

ҚР-да такси қызметі бір жылда 12% қымбаттады, деп хабарлайды Turkistan Today.

Биылғы қаңтар айының қорытындысы бойынша, бір жылда такси ақысы 12,2% қымбаттады.

Өңірлер бойынша ең көп Атырау облысында байқалды: бір жылда бірден 37,5%. Одан кейін Жетісу және Абай облыстары: сәйкесінше 33% және 31,2%.

Ең аз жылдық өсім Ақмола облысында тіркелді: бар болғаны 0,5%. Тағы үш облыста — Қарағанды, Түркістан және Ұлытауда баға бір жыл бұрынғы деңгейде қалды.

2023 жылдың 14 ақпанындағы жағдай бойынша, Numbeo деректегінше, стандартты тарифпен 1 км такси қызметі ең арзан Египетте (0,16 АҚШ доллары), Пәкістанда (0,19 АҚШ доллары) және Беларусьте (0,2 АҚШ доллары) тіркелді.

Арзан елдер ондығына ТМД-дан Армения мен Өзбекстан (әрқайсысы 0,26 АҚШ доллары), Украина, Молдова және Ресей (әрқайсысы 0,27 АҚШ доллары) кірді. Қазақстан (0,44 АҚШ доллары) мен Әзірбайжанда (0,59 АҚШ доллары) такси қызметі қымбатырақ.

Ең жоғары баға Швейцарияда (4,25 АҚШ доллары), Кувейтте (3,27 АҚШ доллары) және Ямайкада (3,26 АҚШ доллары) тіркелді.

2022 жылдың қаңтар–желтоқсан айларында Қазақстанда такси қызметін ұсынатын компаниялардың табысы құндық мәнде бір жылда 16% өсіп, 5 млрд теңгеге жетті.

Ең жоғары көрсеткіштер Қарағанды облысында байқалды, бұл саладағы компаниялардың табысы бір жыл ішінде 49,5% өсіп, 2,1 млрд теңгеге жетті. Үздік үштікке сондай-ақ елорда (1,1 млрд теңге, 0,2% көбейген) және Алматы (1 млрд теңге, 0,9% азайған) қалалары кірді.

Осы кезеңде такси қызметін 2,4 млрд жолаушы пайдаланды, бұл бір жыл бұрынғыдан 1,2% аз. Жолаушылар айналымы бір жыл бұрынғымен салыстырғанда 2,6% төмендеп, 33,9 млрд жкм құрады.

Фото: kapital.kz

1.4k

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.