Талдықорғанда 20 жастағы курсанттың мәйіті табылғаны туралы ақпарат таралды. Жетісу полициясы пікір білдірді, деп Turkistan Today хабарлайды El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Жігіттің Алматы әскери институтының курсанты екені белгілі болды.
2024 жылғы 4 ақпанда сағат 13:30-да 2004 жылы туған жас жігіт А. Алматыға қарай такси ұстаған. Ата-анасы ұлдарымен телефон арқылы хабарласа алмаған. Кейін Назарбаев көшесі, 101, Горький мектебіне қарама-қарсы жолдың бойынан жігіттің денесі табылғаны анықталды, – делінген хабарламада.
Жетісу облысының полицейлері аталған жағдайға қатысты түсініктеме берді.
Полиция суицидке итермелеу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Қажет сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, – делінген хабарламада.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.