Талдықорғанда үш жасар баланы ұрып өлтірген бала күтушісі 10 жылға сотталды

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Жаңалықтар 15 сәуір, 2023

Талдықорған қалалық соты күтуші әйелдің үш жасар баланы өлтіруіне қатысты іс бойынша үкім шығарды деп Turkistan Today хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл туралы Жетісу облыстық сотының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Тергеу аясында баланың бірнеше рет соққыға жығылғаны алдын ала анықталған болатын.

Істің мән-жайын ашу мүмкін болмағандықтан, қылмыстық іс жабық сот отырысында қаралған.

"Жеңілдететін мән-жайларды соның ішінде соттылығының жоқтығы, өкінетіні, ескере отырып, сот айыпталушыны қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде 10 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды", - делінген хабарламада.

Еске салсақ, бұған дейін Жетісу облысында күтуші үш жасар баланы өлімші етіп сабап, өлтірді деген күдікке ілінгенін хабарлаған болатынбыз. Үш жасар сәби бір жасар інісімен бірге күтушінің үйінде тәулік бойы бақылауда болған. Сәби ауруханаға жеткізіліп, сол жерде көз жұмды. Дәрігерлер нәрестенің денесінен көптеген жарақаттарды тауып, ауыр бас-ми жарақаты деген диагноз қойды.

1.3k

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.