Тамара Дүйсенова жаңа ашылған жайлы мектептің алғашқы қоңырау шарасына қатысты

Фото: primeminister.kz
Фото: primeminister.kz
Жаңалықтар 1 қыркүйек, 2024

Биыл алғашқы қоңырау елдегі 7859 мектепте соғылды

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова Астанадағы №101 орта мектептегі алғашқы қоңырау шарасына қатысты. Білім ошағы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында биыл бой көтеріп, қолданысқа енгізіліп отыр,- деп хабарлайды turkistan.today

Есігін жаңа ашқан мектептің оқушылары, ұстаздары мен ата-аналары алдында сөз алған Тамара Дүйсенова білім күнімен құттықтады.

 

«Бізде Назарбаев зияткерлік мектептері, Білім инновация лицейлері, республикалық физика-математика мектептері секілді үздік білім ошақтары бар. Олардың оқушылары білім сапасының өте жоғары деңгейін көрсетіп, Қазақстанды дүние жүзіне танытуда. Әрине, еліміздің барша балалары сондай мектептерде оқуды арман ететін. Президент сіздердің армандарыңызды орындады деп айтсам болады. Алдағы жылдары мұндай мектептер барша қазақстандық балаларға қолжетімді болмақ. Сіздердің алдарыңызда жақсы оқып, еліміздің лайықты тұлғалары болу міндеті тұр», — деді Тамара Дүйсенова.

Сондай-ақ, вице-премьер ғимаратты тұрғызуға күш салған құрылысшыларға алғысын білдірді. Мұнда 4 мыңнан аса бала екі ауысымда білім алатын болады. Есілдің сол жағалауында орналасқан білім ошағында 99 оқу кабинеті қарастырылған, оның ішінде 6-ауы компьютерлік, 10 мамандандырылған сынып. Одан бөлек, ғимаратта 4 спорт залы, асхана, кітапхана, психолог бөлмесі де бар. Сыныптарда интерактивті тақталар орнатылған. Алғашқы оқу маусымына аяқ басқан мектепті аралаған Тамара Дүйсенова ұстаздарға сәттілік тіледі.

 
Айта кетейік, биыл алғашқы қоңырау елдегі 7859 мектепте соғылды. Онда жалпы саны 3,9 млн-нан аса бала білім алмақ, оның 352 мыңнан астамы білім ошақтары табалдырығын алғаш рет аттап отыр.

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.