Танымал қазақ журналисі Ердоғанға ренжіп қалды

Танымал қазақ журналисі Ердоғанға ренжіп қалды

Бізге неге өзге елдер көмек ұсынбайды? 

Канадада да, орман өрті дес бермей жатыр. 46 мың шаршы шақырым аумақ күлге айналған. Франция, Португалия, Испания, Австралия өз құтқарушыларын жіберіпті. АҚШ та, жүздеген өрт сөндіруші жіберіп, алдағы күндері қосымша көмек беретінін айтты.

Ал, Қазақстанда Абай облысында 60 мың шаршы аумақ жанып кетті, жанып жатыр әлі де. Алаумен тек, өзіміз арпалысып жүрміз, құрбандыққа шалынып. Көршілер қайда, бауырлас елдер не қарап отыр? Неге көмек ұсынбайды? Түркияда жер сілкінісі болғанда, бәріміз уайымдап, халық болып көмек көрсеттік, құтқарушылардың екі легін жіберіп едік, қауіпке қарамай…

Бүгін “түбі бір түркілер”, “бауырлас елдер” дейтін елдің басшылары Президентімізге тек, көңіл айту жеделхатын жолдаған, қайғырамыз анау-мынау деп. Бітті.

Біз қазақтар әйтеуір, аңқылдап елдің бәріне көмекке жүгіре жөнелеміз. Өзгелері өйтпейді, әні. Бәріне әсіресе, Ердоғанға ренжідім… деп хабарлайды Turkistan Today Армангүл Тоқтамұраттың фейсбук парақшасына сілтеме жасап.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like
0
dislike
0
love
0
funny
0
angry
1
sad
0
wow
0