“Таза Қазақстан”: Ордабасыда жалпыхалықтық сенбілік өтті

Фото: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Фото: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Түркістан 9 желтоқсан, 2024

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының тапсырмасымен елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық шарасы басталған болатын. Осы ретте Ордабасы ауданында экологиялық мәдениетті қалыптастыру және тұрғындардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін ояту мақсатында сенбілік өтті. Шараға аудан әкімі Азат Оралбаев арнайы қатысып, тазалық жұмыстарын бақылады,- деп хабарлайды turkistan.today

Атқарылған тазалық шараларына аудан тұрғындары, мекеме қызметкерлері мен ерікті жастардан барлығы 500-ге жуық адам қатысты. Акция аясында көше бойлары мен арық-атыздар күл-қоқыстан тазартылды. Одан бөлек, саябақтар ретке келтіріліп, қатты тұрмыстық қалдықтар жиналды.

Айта кетейік, «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында облыс көлемінде ауқымды жұмыстар атқарылып келеді. Бағдарлама басталғалы бері сенбіліктер мен тазалық жұмыстарына 300 мыңнан астам тұрғын қатысып, 1 500-ден астам техника жұмылдырылды. Нәтижесінде 1 милионға жуық тал отырғызылып, 3 389 тонна қоқыс шығарылған.

 

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.