“Таза Қазақстан”: Төлебидегі сенбілікке 1 мыңнан астам тұрғын қатысқан

Фото: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Фото: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Түркістан 9 желтоқсан, 2024

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының тапсырмасымен елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық шарасы басталған болатын. Бүгінде Түркістан өңірінде экологиялық мәдениетті қалыптастыру және тұрғындардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін ояту мақсатында сенбіліктер өткізіліп жатыр,- деп хабарлайды turkistan.today

Түркістан облысында бағдарлама басталғалы бері сенбіліктер мен тазалық жұмыстарына 300 мыңнан астам тұрғын қатысып, 1 500-ден астам техника жұмылдырылған. Нәтижесінде 1 миллионға жуық тал отырғызылып, 3 389 тонна қоқыс шығарылған. 

Мәселен бүгін Төлеби ауданында акция аясында көше бойлары мен арық-атыздар күл-қоқыстан тазартылды. Одан бөлек, қураған ағаштар бұталып, жол бойлары ретке келтірілді. Сенбілікке барлығы 1200 адам мен 18 техника жұмылдырылған. Бүгінде ауданда әр аптаның жұма және сенбі күндері тұрғындардың қатысуымен тұрақты түрде сенбіліктер ұйымдастырылып келеді.

 

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.