15 ақпанда сағат 08.06-да Теміртау қаласында 2 қабатты дүкен ғимаратында газ жарылғаны туралы хабарлама келіп түсті, деп Turkistan Today хабарлайды El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Дүкеннің 2 қабатты ғимаратта қирау болғаны, жанғаны анықталды. Зерттеу және барлау барысында зардап шеккендердің орналасқан жері алдын-ала анықталды. Үйінділерді бөлшектеуге кірісті.
Сағат 08.44 үйінді астынан әйел адам шығарылды (жағдайы нақтылануда), оның сөздерінен үйінді астында ер адам бар. Үйінділерді талдау жалғасуда, - делінген ақпаратта.
Жұмыстарға ТЖД жеке құрамынан 17 адам, 5 бірлік техника жұмылдырылды. 23 адам, оның ішінде 5 бірлік техника оқиға орнына бара жатыр.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.