Биылғы сәуір айының қорытындысы бойынша, жолаушылар теміржол көлігі қызметтерінің бағасы бір жылда 26,9% өсті. Қала маңындағы пойызда жол жүру ақысы 25%, республикаішілік пойыздың плацкарт вагонында — 28,2%, республикаішілік пойыздың купе вагонында — 27,5% қымбаттады.
Өңірлер бойынша бағаның ең көп өсуі Шымкентте тіркелді: бір жылда бірден 73,8%. Одан кейінгі орында Жетісу (46,8%) және Қызылорда (39,6%) облыстары.
Бағаның ең аз өсуі Шығыс Қазақстан (4,5%), Ақтөбе (10,4%) облыстарында және Алматыда (12,7%) байқалды.
Биыл бірінші тоқсан қорытындысы бойынша, теміржол көлігімен 4,8 млн жолаушы тасымалданды, бұл бір жыл бұрынғыдан 14,1% артық. Өсімге қарамастан, көрсеткіштер әлі де коронадағдарысқа дейінгі кезеңге жете алмады. Мәселен, 2020 жылғы қаңтар–наурызбен салыстырғанда биылғы көрсеткіш 0,5%, 2019 жылғы қаңтар–наурызбен салыстырғанда 7,8% аз.
Биыл жолаушылар айналымы бірінші тоқсанда 3,8 млрд жкм құрады, бұл бір жыл бұрынғыдан 11,4% артық.
Ең жоғары көрсеткіш Астанада тіркелді: 1,3 млн жолаушы, бір жыл ішінде 36,7% өсті. Одан кейін Ақтөбе және Қызылорда облыстары тұр. Теміржол жолаушылар тасымалының ең төменгі көрсеткіштері Алматы облысында байқалды.
Туристік маусымда жолаушыларға ыңғайлы болу үшін Алакөл жағалауына Астана, Алматы, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарынан 11 бағыт қатынайтын болады, деп хабарлайды ҚР ИИДМ.
100,5 млн тонна жүк пен багаж тасымалданды, бұл былтырғымен салыстырғанда 6,7% аз. 2023 жылдың алғашқы үш айында теміржол көлігінің жүк айналымы 82 млрд ткм құрады, бұл былтырғымен салыстырғанда 4,2% артық.
Жүк тасымалының ең көп көлемі Қарағанды, Павлодар және Ақтөбе облыстарында, ең азы — Алматы, Батыс Қазақстан және Түркістан облыстарында.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.