"Астана LRT" ісі бойынша айыпталғандардың бірі Дәурен Абдыхамитовтің ұлы сүйіктісіне жиі тосын сый жасап, қымбат сыйлықтар тарту етеді, деп Turkistan Today хабарлайды inbusiness.kz.сайтына сілтеме жасап.
Жас жігіт сүйіктісін тікұшақпен күтіп алып, қымбат тосын сыйларды жиі ұйымдастырады. Бұл туралы қыз өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.
Айта кетелік, әкесі Дәурен Абдыхамитов бұған дейін Astana LRT қаржысын жымқырды деп айыпталып, халықаралық іздеуде болған. Сондай-ақ мүлкі тәркіленіп, сегіз жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Дәурен Абдыхамитов "Қазақстан" РТРК" АҚ-ны да басқарды, одан кейін "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасында және тағы бірнеше ірі ұйымдарда қызмет атқарды.
Кей медиада хабарланғандай, Абдыхамитов Дариға Назарбаевамен өте жақын болған және Нұрәлі Әлиевпен де тығыз жұмыс істеген. Дәурен Абдыхамитов Дариға Назарбаева ҚР Парламенті Сенатының төрағалығынан кеткен соң ұсталды.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.