«Тіл маңызды емес»: Мәдина Сәдуақасова ұлын не себепті орыс мектебіне бергенін түсіндірді

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Жаңалықтар 16 наурыз, 2023

Отандық әнші Мәдина Сәдуақасова ұлы Әнуарды қазақ тілді мектепке бермеуінің себебін ашып айтты деп Turkistan Today хабарлайды altyn-orda.kz дереккөзіне сүйене отырып.

Өнер жұлдызының айтуынша, жалғыз ұлын қазақ тіліне қанша бейімдесе де, тілі орысша шыққан.

“Баламыз өзінен-өзі орысша сөйлеп кетті. Оның жанында орысша сөйлейтін адам жоқ. Балабақша, бала күтушісі, үй күтушісі, апалары, менің туыстарым да қазақша сөйлейді. Домбыра үйірмесіне барды, үйде “Балапан” арнасы қосулы тұратын. Сөйте тұра тілі қазақша шықты. Бірақ ауладағы балалар мен достары орысша сөйлейді. Негізі мектепке барарда емтиханды қазақша тапсырдық. Кейін орыс тілінде де тапсырып көріп едік Әнуардың орысша тапсырған емтиханнан жоғары нәтиже көрсетті. Сөйтіп ұлым маған өтініш айтты. “Сен ғана мені түсінесің ғой. Қазақша оқысам сабақтың жартысын ғана түсінемін. Мен сабақты толық түсінгім келеді. Оның үстіне маған есеп-қисап жақын. Математикада сандармен жұмыс істейсің, тіл маңызды емес” деді. Ұлым қазақша түсінеді, бірақ тілі орысша шықты”, – дейді Мәдина.

Әнші баласының өтінішін жерге тастамай, “қазақша сөйлеуді тоқтатпаймын” деген уәдесін алып, орыс мектебінде оқуға келісімін берді.

“Мен  Қызылордада 11 жыл бойы орысша оқыдым. Бірақ мектептен тыс қазақша сөйлейміз. Біздегі кәрістер өзі қазақша сөйлейді. Қызылордада қазақ сыныбы аз болды. Амал жоқ, мені орыс сыныбына берді, бірақ қазақша сөйлейтінбіз. Менің ұлым өзінің руын біледі, “мен – қазақпын” деп намыстанатыны бар. Тек мектептің бағдарламасын толық түсінсін деп ойладым. Одан орыс болып кетпейді. Уақыты келгенде, өзі де сұрап жатса қазақ мектебіне ауыстырамын. Негізі ұлым – қазақ, руы – албан”, – деді өнер иесі. 

1.7k

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.