ҚР-да жалға алу құны инфляция мен жалақыға қарағанда айтарлықтай тез өсуд, деп хабарлайды Turkistan Today.
Биыл шілденің қорытындысы бойынша, ҚР-да абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу бір айда 1,9% және бір жылда 28,6% қымбаттады. Салыстыру үшін, шілдеде елде тауарлар мен қызметтер бір айда 0,6% және бір жылда 14% қымбаттаған, ал 2023 жылдың екінші тоқсанында жалақының нақты өсімі 4,7% және былтырғы сәйкес тоқсанмен салыстырғанда небәрі 1,2% өскен. Яғни, жалдау құны азаматтардың жалақысы мен инфляцияға қарағанда тез өсуде.
Айлық динамикада едіміздің ірі қалалары арасында жалдау құны Қарағандыда (3,9%), Алматыда (3,1%), Петропавлда (0,6%) және Шымкентте (0,1%) өсті.
Жылдық динамикада бағаның өсуі барлық ірі қалаларда байқалды, тек Түркістанда 3% төмендеді. Ең жоғары қымбаттау Алматыда (43,1%), Петропавлда (40,3%) және Көкшетауда (37,1%) байқалды.
Елімізде тұрғын үйдің шаршы метрін жалға алудың орташа құны 4,7 мың теңге. Былтыр 3,6 мың теңге болған.
Ең жоғары бағалар Алматыда белгіленді: бір шаршы метр 5,6 мың теңге. Екінші және үшінші орында Астана (шаршы метр 4,5 мың теңге) және Қонаев (4 мың теңге).
Тараз (1,9 мың теңге), Қызылорда (2,1 мың теңге) және Түркістан (2,2 мың теңге) сияқты қалаларда жалға алу арзан.
Баға әлі де өсуі тиіс. Қазақстанның өзін-өзі реттейтін риэлторлар қауымдастығы сарапшыларының пікірінше, Алматыда пәтерді жалға алу бағасы жақын арада 10%–15% көтерілуі мүмкін, деп жазады nur.kz.
Numbeo мәліметінше, биыл 17 тамызында қала орталығында емес бір бөлмелі пәтерді жалға алу құны бойынша Қазақстан 102 елдің ішінде 56-орынға ие болды (394,9 АҚШ доллары), ал орталықтағы пәтерді жалға алу құны бойынша — 57-орын (569,1 АҚШ доллары).
Мұндай пәтерді жалға алудың әлемдегі ең төмен бағалары Бангладеш, Пәкістан және Непал, ең жоғарысы — Сингапур болды.
ТМД елдері арасында Қазақстаннан тек Арменияда ғана қымбат, онда қала орталығында бір бөлмелі пәтердің құны 1 мың АҚШ долларын құрады. Орталықта емес пәтер — 680,1 АҚШ доллары. Мұндай тұрғын үйді жалға алудың ең төменгі құны Әзірбайжанда байқалды: 326,9 АҚШ доллары орталықтағы пәтер, 193,6 АҚШ доллары орталықтағы емес пәтер.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.