Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан астанасында өтіп жатқан VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатын тамашалады. Биылғы дүбірлі додаға әлемнің 100-ден астам елінен спортшылар жиналып, ұлттық спорт түрлерінен өзара мықтыны анықтайды.
VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 31 тамыз бен 6 қыркүйек аралығында Қырғызстанның Ыстықкөл облысында өтуде. Халықаралық жарысқа 100-ден астам мемлекеттен 3 мыңға жуық спортшы қатысып жатыр.
Биыл спортшылар спорттың 43 түрінен бақ сынайды. Олардың қатарында қазақ халқының дәстүрлі ұлттық спорт түрлері де бар. Осылайша, жарыс тек спорттық бәсекемен шектелмей, көшпелі халықтардың мәдениеті мен тарихи мұрасын кеңінен таныстыруға мүмкіндік беріп отыр.

Қазақстан құрамасы сапында 150-ден астам спортшы өнер көрсетеді. Отандастарымыз бағдарламаның барлық 43 спорт түрінен ел намысын қорғайды.
VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары халықаралық спортшыларды бір алаңға жинап қана қоймай, ұлттық спортты дәріптеп, түркі және көшпенді халықтардың ортақ мәдени құндылықтарын насихаттайтын маңызды шараға айналып отыр.
+ 7 775 186 2113
Астана қаласы, Мәңгілік Ел көшесі, 8, 17В блок, 204-кабинет (Журналистер үйі)
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.