"Қорытындылай келе, сіздермен халқымыздың рухын көтеретін тағы бір жаңалықпен бөліскім келеді. Кенесары ханға атақты Марал ишан сыйға тартқан Құран табылды. Бұл еліміздің рухани өміріндегі маңызды оқиға. Марал ишан халық арасында кеңінен танымал болған. Ол біздің тарихымызда ерекше орын алатын Кенесары ханның адал серігі болды.
Екі ғасыр бойы бұл Құран қолдан қолға өтіп, ақыры шетелге шығарылды. Бей-жай қарамайтын адамдардың, меценаттардың көмегінің арқасында біз оны Қазақстанға қайтардық. Құранда Марал ишан мен Кенесары хан мөрлерінің бедерлері бар. Жәдігер отандық және шетелдік ғалымдардың жан-жақты сараптамасынан өтті. Алынған нәтижелер Құранның Марал ишанға тиесілігін және оның Кенесары ханға берілу фактісін растайды.
Кез - келген өркениетті ел өзінің тарихи мұрасына ерекше құрметпен қарайды, ол барлық жағынан қорғалады және мұражайларда, басқа да арнайы мекемелерде көрсетіледі", - деп түйіндеді президент.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.