"Томирис" фильмінің актрисасы Mrs Globe 2023 атағын жеңіп алды

"Томирис" фильмінің актрисасы Mrs Globe 2023 атағын жеңіп алды

Бұл конкурс 1996 жылдан бері ұйымдастырылып келеді.

АҚШ-тың Калифорния штатында тұрмыстағы келіншектер арасында өткен Mrs. Globe байқауында қазақстандық актриса Альмира Тұрсын бірінші вице-миссис болды, деп Turkistan Today хабарлайды inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Байқау ұйымдастырушыларының айтуынша, бірінші вице-миссис дәрежесі екінші орынға тең.

Ал бірінші орын, яғни Mrs. Globe атағы беларусь қызы Лана Хлумаковаға бұйырды.

"Қыздарымызды Mrs. Globe 2023 жеңімпазы атануымен құттықтаймыз. Бүкіл қыздар үздік бестікке еніп, патшайым атағын, сондай-ақ Globe фирмалық тәжі мен лентасын алды. Қыздар өздерінің бейнесімен, харизмасымен және сыртқы келбетімен байқау қатысушыларының және қонақтарының назарын аударды. Біздің қыздар - сұлулық пен ізеттің нағыз үлгісі" деп жазды конкурстың қазақстандық ұйымдастырушылары.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like
0
dislike
0
love
0
funny
0
angry
0
sad
0
wow
0