ТОП-5: Қазақстанның ұлттық саябақтарындағы ең көп баратын визит-орталықтар

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Жаңалықтар 2 қараша, 2023

2023 жылдың бірінші жартыжылдығындағы статистика бойынша, Алматы облысындағы «Іле-Алатау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Түрген шатқалындағы «Turgensai» және «Аюсай» туристік визит-орталықтарына еліміз бойынша ең көп саяхатшы келген. Алғашқы алты айда бұл орталыққа 258 632 адам саяхаттаған, деп хабарлайды Turkistan Today.

Екінші орынға алты айда 49 332 келушілерді жинаған Алматы облысының Шарын каньонындағы «Sharyn» визит орталығы жайғасты. Ал үшінші сатыға Ақмола облысының Зеренді қаласындағы визит-орталық тұрақтады. Осы жылдың бірінші жартыжылдығында орталық 11 709 адамды қабылдаған.

Сондай-ақ Ақмола облысындағы Қорғалжын қорығының сапар орталығына 7 мыңнан астам адам барса, Алматы облысының  Алтын емел ұлттық саябағындағы «Алтын Емел» орталығына 6 мыңнан астам адам келген.

«Ұлттық парктердегі визит-орталықтар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жалпы алаңының 5 пайызынан аспайды және экологияға зиян келтірмей жұмыс істейді. Туристерге орналасу орны және келу ережелері туралы ақпарат беріледі, сондай-ақ тамақтану және уақытша орналастыру қызметтері көрсетіледі. Қазіргі таңда Қазақстанда мұндай нысандарға сұраныс артып келеді», - деп атап өтті ҚР Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев.

ҚР ТСМ Баспасөз қызметі

710

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.