Төреғалидың қарындасы күйеуіне 1,5 млн теңгенің сөмкесін сыйлады

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Жаңалықтар 13 сәуір, 2023

Танымал әнші Төреғали Төреәлінің қарындасы Дина Төреәлі күйеуі Ернар Мұсабайға 1,5 миллион теңге тұратын сөмке сыйлады,деп Turkistan Today хабарлайды El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Алла қаласа, біздің бір-бірімізге сыйлайтын сыйлықтарымыздың құны да, өзі де өсе берсін, – деді Дина Төреәлі.

Қымбат сыйлыққа қатысты оқырманның пікірі қақ жарылды. Бірі «құтты болсын» айтып жатса, екінші тарап мұны құр мақтаншақтық деп бағалады.
«Басқа немен мақтансын?!» «Жұрт нанға ақша таппай жүргенде...» деген сыңайдағы пікірлер көп. 

Дина Төреәлі әлеуметтік желіде блогер ретінде көпшілікке жақсы таныс. 20 жастағы ару жеке өмірі жайлы өзінің парақшасында жиі жазады. Күйеуі футболшы. Қайын атасы бұрын Арал ауданында әкім болған.

Айта кетейік, Төреәлі әулетінің үлкен қызы Фариза да спортшыға тұрмысқа шыққан. Оның жолдасы Дархан Нортаев – джиу-джитсудан әлем чемпионы. 

2.0k

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.