Түркістан қаласындағы сауда орындарының тазалығы бақылауға алынған

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Түркістан 11 шілде, 2024

Түркістан қаласында көгалдандыру, абаттандыру және тазалық жұмыстары кестеге сай жүргізіліп келеді. Қала аумағында орналасқан базарлардың тазалығы да тұрақты бақылауға алынған. Бұл жұмыстарға жауапты мекеме және жауапты қызметкерлер бекітіліп, екі ауысыммен жұмыс жасап жатыр,- деп хабарлайды turkistan.today

Бірінші ауысымға 2 арнайы техника жұмылдырылып, 15 қызметкер тартылған. Ал екінші ауысымда 3 арнайы техника және 8 адам тазалық жұмыстарын атқаруда.

Түркістан қаласында орналасқан сауда орындарының иелерінің ұйымдастыруымен әр аптаның дүйсенбі күні әктеу, сырлау және тиесілі аумақты тазалау жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп жатыр. Бұдан бөлек, базарлардың аумағында қосымша 71 қоқыс жәшіктері орнатылды.

Адам көп шоғырланатын сауда орындарының айналасын күл-қоқыстан таза ұстау және санитарлық нормалардың сақтау бойынша базар басшылығына арнайы хаттар жолданды.

Айта кетейік, түркістандық тұрғындар, кәсіпкерлер мен сала өкілдері өз аймақтарында тазалық жұмыстарын тұрақты жүргізіп тұрады. Сондай-ақ әр салаға тазалық күні бекітілген.

602

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.