Түркістан: Облыс әкімінің бірінші орынбасары Отырар ауданындағы ауыз су жүйесінің жұмыстарымен танысты

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Түркістан 6 сәуір, 2024

Бүгін Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов Отырар ауданына іссапармен барды,- деп хабарлайды Turkistan.today.


Онда өзі жетекшілік ететін салалар бойынша атқарылған жұмыстарды бағамдап, тұрғындардың қажеттілігі жоғары коммуналдық саланың жұмысымен танысты.  

Алдымен Көксарай ауылдық округінің Ызакөл елді мекенін таза ауыз сумен қамту мақсатында қолға алынған ауыз су құбыры желісін көріп, Көксарай ауылындағы ауыз су имаратына барды. 


Аралау кезінде аудан әкімі Сәкен Сұлтанханов осы бағытта атқарылған жұмыстармен қатар, туындауы ықтимал мәселелерді атап өтті. Бүгінгі таңда, Көксарайдағы 600 абонент, Ызакөл елді мекеніндегі 45 абонент аталған имарат арқылы ауыз сумен қамтылып отыр. Мұнда соңғы үлгідегі термальды ыстық суды салқындату жүйесі орнатылып, үздіксіз қызмет көрсетуде.

Мұнан соң, Маяқұм ауыл округі, Бестам елді мекеніндегі құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан ауыз су жүйесін аралап көрді. Аталған нысанның құрылыс жұмыстарын «Карат-Z» ЖШС атқаруда. Мұнда аудан көлемінде ауыз сумен қамту мәселелері таныстырылды. 


Айта кетейік, бүгінгі таңда Отырар ауданы бойынша 38 елді мекеннің 35-і толық ауыз сумен қамтылған. Атқарылған жұмыстармен танысып, бірқатар мәселелер бойынша нақты тапсырмалар жүктеген Зұлпыхар Сансызбайұлы Сырдария, Ақкөл, Бестам елді мекендерін толық қамти отырып 2025 жылдың соңына дейін 100 пайыз ауыз сумен қамту қажеттілігін ескертті.

Іссапар Көксарай-Балтакөл-Жаңақорған бағытындағы КХ-23, Түркістан - Шәуілдір бағытындағы КХ-190 автомобиль жолдарының жай-күйімен танысмен жалғасты.  Ұзақ жылдардан бері күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмей тозығы жеткен күре жолдың бүгінгі ахуалы сала басшыларының назарына жеткізілді.

Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

421

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.