Түркістан облысынан су тасқынына қарсы күрес үшін Атырауға 160 техника жіберілді

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Түркістан 14 сәуір, 2024

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев су басқан аймақтарға жан-жақты қолдау көрсету жөнінде тапсырма берген болатын.  Осы бағытта Түркістан өңірінде ауқымды жұмыс жүріп жатыр,- деп хабарлайды turkistan.today порталы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен жауапты басқармалар керекті техникаларды үйлестіріп,  Атырау облысына 160-қа жуық техника жолданды. 

Аталған техникалар Дарбаза, Түркістан, Манкент, Арыс станцияларында вагондарға (платформа) тиеліп, Атырау станциясына «ҚТЖ» ҰК-ның белгіленген кестеге сәйкес жеткізіліп жатыр. Техникаларды арту жұмыстары 11 сәуірде жүргізілді. 

119  техниканы облыстағы құрылыс компаниялары,  «Тұран су» мекемесі ұсынды. Кәсіпкерлер осы әрекеті арқылы Атырау халқына қолдау көрсетті. Сонымен бірге «Қазатомөнеркәсіп» компаниясы, «Қазавтожол» мекемесі атынан да ауыр көліктер жіберілді.  Арнайы жүк артқыш және жүк тасымалдайтын, жер қазатын көліктер және өзге де техникалар су шайған аумақтарды тазалауға және бөгеттер салуға қолданылмақ. 

Айта кетейік,  Түркістан облысынан су басқан өңірлерге 600 тоннаға жуық гуманитарлық көмек жіберілді. Ел жанашырлықпен үлес қосуда.  Сондай-ақ 150-ден астам кәсіби құтқарушы мен төтенше жағдай қызметкерлері апат аймағында жұмыс істеп жатыр. 

533

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.