Түркістан облысында 18 жастағы әйел перзентханада көз жұмды

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Жаңалықтар 6 ақпан, 2024

Оның нақты неден қайтыс болғаны белгісіз.

Түркістан облысында босануға барған 18 жастағы келіншек ауруханада қайтыс болды, деп Turkistan Today хабарлайды inbusiness.kz сайты КТК арнасына сілтеме жасап.

Севара Абдуллаева Қарабұлақ ауылының ауруханасына толғақпен түскен. Марқұмның туыстары келіншектің ешқашан ауырмағанын айтады. Қажетті ем-домның бәрін жасадық деген медициналық мекеме қызметкерлері өлімнің нақты себебін сараптама ғана айқындайтынын айтты.

Марқұм 24 қаңтар күні тұңғышын дүниеге әкелген. Алайда үш күн өткеннен соң келіншек жансақтау бөліміне түскен.

Дәрігерлер үш күн палатада жатқан Севараның кенеттен жүрегі қысылды дейді. Сондықтан бірден жансақтау бөліміне жатқызып, облыстың ең білікті деген мамандарын санавиациямен шақырттық дейді. Бірақ мамандар шалғайдан жеткенше өмірден озды дейді. Ал мәйітті тексерген Шымкенттің паталого-анатомиялық бюросы келіншектің өкпе тамыры үзіліп кеткенін айқындапты.

 "Ол сараптама қорытындысы, алдын ала болжамы өкпе тамыры тромбоэмболиясы деген. Қорытындысынан кейін бірнеше комиссия келіп, бұл іс тексерілетін болды, бақылау комитеті жағынан, денсаулық басқармасы жағынан. Одан бөлек өздері ішкі істер бөліміне арызданды. Ол жақтан да тергеу жүргізілуде", - деді Қарабұлақ ауруханасының бас дәрігері Дәулет Мұсаев.

373

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.