Түркістан облысында екі баласын өлтірді деген әйел ұсталды

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Қоғам 8 ақпан, 2024

Адам өлтіру фактісі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Түркістан облысында екі баласын өлтірді деген әйел ұсталды. Әйелді іздеуге облыстық полиция департаментінің барлық жеке құрамы, көршілес аймақтар мен мегаполистер бағытталды, деп Turkistan Today хабарлайды  inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Барлық қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілді. 

"Қабылданған шаралардың нәтижесінде жедел уәкілдер күдіктіні Шымкент қаласындағы қонақ үйлердің бірінде ұстады. Адам өлтіру фактісі бойынша барлық мән-жайларды анықтау мақсатында тергеу жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Күдікті әйел қамауға алынды. Істің тергеу барысы менің жеке бақылауымда", - деп хабарлады Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденов.

Еске салайық, бұған дейін Түркістанда жалдамалы пәтерден екі баланың денесі табылғанын жазған болатынбыз.

514

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.