Түркістан облысында жоғалған 5 жасар қыз өлі табылды: күдікті ұсталған

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Жаңалықтар 14 шілде, 2023

Түркістан облысында полицейлер бес жасар қызды өлтірді деген күдіктіні ұстады, - деп Turkistan Today хабарлайды Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

"На молчи" қорының негізін қалаушы Дина Таңсәрі әлеуметтік желідегі парақшасында Түркістан облысының Сарыағаш ауданында бұрын сотталған ер адам 2018 жылы туған қызды өлтіріп, ұсталғанын хабарлады.

Облыстық полицейлер 13 шілдеде Сарыағаш аудандық бөліміне баласы жоғалған әйел арызбен жүгінгенін растады. Жедел іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері ауыл тұрғындарының бірінің үйінен дене жарақаттарымен қыздың мәйітін тапқан.

"Бұл дерек ҚР ҚК-нің 99-бабы "Адам өлтіру" бойынша тіркелді. Сараптама тағайындалды. Соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті Сарыағаш аудандық полиция бөліміне жеткізіліп, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Барлық мән-жай анықталып жатыр, оқиға орнына полиция басқармасының басшылығы, аудан прокурорының орынбасары және жедел-тергеу тобы аттанды", - деп хабарлады полиция.

Тергеу барысы Түркістан облысы Полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында.

1.4k

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.