Түркістан облысының прокуроры ірі кәсіпкерлермен кездесті

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Түркістан 14 маусым, 2023

2023 жылдың 13 маусым күні Түркістан облысының прокуроры М.Тлеубердиевтің бастамасымен «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы және ірі кәсіпкерлермен кездесу өтті, деп хабарлайды Turkistan Today.

Аталған іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Н.Көшеров, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының директоры А.Ибадуллаев, құқық қорғау және мемлекеттік органдардың басшылары, сондай-ақ ірі кәсіпкерлік субъектілері мен инвесторлар қатысты («Кентау трансформатор зауыты» АҚ, «Саутс-Ойл» ЖШС, «ECOCULTURE-EURASIA» ЖШС, «АҚ-ЖОЛ» ЖШС және т.б.).

Күн тәртібі бойынша бизнесті қорғау бағытындағы прокуратура органдарының жұмыс нәтижелері мен алдағы міндеттері тыңдалды, содан өңіріміздегі бизнес-климаттың ахуалы талқыланды.

2023 жылдың 5 айында облыстың прокуратура органдары қабылдаған шаралардың нәтижесінде 4 мыңға жуық кәсіпкердің құқығы қорғалды,  42 лауазымды тұлға түрлі жауаптылыққа тартылды, 7 заңсыз тексеру фактісі анықталды, 100-ден астам әкімшілік істердің күші жойылды.

Мемлекет басшысы прокуратура органдарына басымды инвестициялық жобаларды сүйемелдеу жөнінде нақты тапсырма берді. Бұл прокурорлық қадағалаудың жаңа бағыты.

Осыған орай «ECOCULTURE-EURASIA» және «Саутс-Ойл» ЖШС басшыларының инвестициялық жобалары қаралды.

Жиынның қорытындысы бойынша Түркістан облысының прокуратурасы және кәсіпкерлер палатасы арасындағы өзара ынтымақтастық жөніндегі Меморандумға қол қойылды.

Бизнесті қорғау бағыты облыс прокуратурасының бақылауында.

1.0k

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.