Түркістан облысында кәріз суын тазартатын кешен 4 жылдан бері іске қосылмай тұр, деп хабарлайды turkistan.today порталы 24 KZ-ке сілтеме жасап.
Соның салдарынан бүтін бір ауылдың шайынды суы іргедегі каналға құйылып, экологияға орасан зор зиян келтіріп жатыр. Төле би ауданына қарасты Састөбе кентінің тұрғындары осылай деп дабыл қақты. Ал жергілікті әкімдік өкілдері болса: «құрылыс нысаны талапқа сай салынбағандықтан, оны қабылдай алмаймыз», –дейді. Шайынды суды тазартатын кешен уақытылы тапсырылмағандықтан, тұрғындарда да маза болмай тұр. Себебі көпқабатты 25 үйге тартылған кәзір жүйесі кәдеге жарамайды. Салдарынан құдықтар қалдық суға толып, қоршаған ортаны ластап жатыр, – дейді олар. Сәйкесінше қолаңса иіс қолқаны қабады.
Әліби Жаманқұлов, Састөбе кентінің тұрғыны: - Зиян, демала алмай жатырмыз. Бізде қазір Састөбеде ауру көп. Бас ауруы. Менің өзімнің басым ауырады. Құлап жатырмыз. Мына подстанция қасымызда. Бәрі әсер етіп жатыр бізге. Ауруды қайдан тауып жатырмыз!? Бәрін өзіміз істеп жатырмыз. Тұрғындар: «бұлай жалғаса берсе, экологиялық апат болуы мүмкін», – деп дабыл қағып отыр. Өйткені қалдық су төгілген каналдан мал-жан су ішеді. Алайда бұл уәжге құлақ асып жатқан ешкім жоқ, – дейді олар.
Сәбит Шалқаров, Састөбе кентінің тұрғыны: - Күзетшінің айтуынша, сорғы бұзылып қалған. Сондықтан стансы қалдық суды тартып ала алмайды. Ал құдықтардағы шайынды су ернеуінен тасып, канал арқылы Арыс өзеніне құйып жатыр. Салаға жауаптылардың сөзінше, кәріз суын тазартатын кешен 2020 жылы салынған. Құрылысқа бюджеттен 360 миллион теңге жұмсалған. Алайда жергілікті билік өкілдері нысанды қабылдаудан бас тартты. Себебі мердігер мекеме өз міндеттемелерін дұрыс атқармады, – деп отыр.
Асқар Айдарбеков, Састөбе кентінің әкімі: - 11 наурызда аудан өкімімен бізге өткен. Бірақ оған біз аудан әкіміне хат жаздық. Ізтілеуов Нұржан Жақсылықұлының атына. Кәріз жүйесін қабылдамаймын деп. Себебі ол соңғы 4 жыл бойы шешімін таппай келе жатыр ауданда. Салған сапасы бойынша да кемшіліктері бар. Ол 1 жыл бұрын айтылған. Әкімдік өкілдері мердігер компанияның жұмысын сот тәртібі арқылы қарауды ұсынды. Сонымен қатар құрылыс кешеніне сараптама жасатып, бюджет қаражатының жұмсалуын тексермек.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.