Түркістан облысының аумағында «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында тазалық жұмыстары үздіксіз жүргізіліп жатыр.
Бүгін облыс орталығында кезекті сенбілік ұйымдастырылып, оған 1000-ға жуық азамат қатысты,-деп хабарлайды turkistan.today
Сондай-ақ панкратион спортынан әлем чемпионы Ержан Естанов пен қаланың қонағы, белгілі вайнер Серғазы Тоқтарбек сенбілік жұмыстарына қатысып, қала тазалығына өз үлестерін қосты.
Тазалық жұмыстары барысында Қ.А.Ясауи кесенесі мен «Күлтөбе» қалашығының маңы, «Отырар» мөлтек ауданы және «Жібек жолы» саябағының аумағы қоқыстан тазартылды. Арық-атыздар қоқыстан тазартылып, шөптер орылып, ағаштар ретке келтірілді.
Жалпы, әкімдікке қарасты 14 мекеме қызметкерлері, 6 сектордың тұрғындары атсалысып, 13 техника жұмылдырылды. Нәтижесінде 200 тоннаға жуық қоқыс шығарылды.
Сенбілік соңында қатысушылар флешмоб билеп, жоғары көңіл-күймен тазалық жұмыстарын аяқтады.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.