Түркістан облысында тұрмыста бола тұра тұрмыс құрмақ болған келіншек өз әрекетін түсіндірді. Елді елең еткізген оқиға өз жерімізде болып жатыр. 5 баласы бола тұра өзге азаматтардың соңына еріп, тіпті алдап тұрмысқа шығып кеткек болған. Бұл бір емес, бірнеше рет қайталанған екен. Бұл туралы “Астарлы ақиқат” бағдарламасында айтылды, деп Turkistan Today хабарлайды alashainasy.kz дереккөздеріне сүйене отырып.
Захида есімді келіншек 5 баланың анасы. Күйеуімен, енесімен бірге тұрып келген ол өзге азаматтардан жылу сөз естіп, солардың жетегінде кеттім деп ақталды. Бұған дейін ішімде жын ұрды, ешнәрсе есімде жоқ деген әйел енді бар шындықты айтты.
“Мен өзімді он жасқа кіші етіп таныстым. 1995 жылғымын. Есімім Сымбат деп таныстым. Одан кейін Айша деп таныстым. Ол жігіт 1993 жылғы еді. Бастапқыда сөйлесіп жүрдік. Көшеде кездестік. Ол мені алып қашып кетті. Маған жылы сөздерін айта бастады. Маған ұнай бастады. Күйеуіммен ажырасам деп ойладым. Жолдасыма жұмысқа кеттім деп кеттім. Балалар әкесімен қалды. Өзім сол жігітпен кездесуге кеттім. Мейірім іздеген шығармын. Әдемі сөздері ұнап кетті ме білмеймін. Бәрін мойындаймын”, –деп ақталды келіншек.
Сотта қыздары анасымен, ал үлкен ұлы әкесімен қалатынын айтқан. Себебі, анасының жеңір жүрісінен ұлының да көңілі қалған екен.
“Мен анаммен бірге бармаймын. Мен әжеммен бірге боламын. Анам әкеммен қосылса, қайта сол тірлігін істейді. Мен оларға бармаймын”, – деді ұлы Диас.
Захида үйдегі қайным үлкен қызыма қол жүгірткен болу мүмкін деген күмәнін де жасырмады. Алайда гинеколог маман қызын тексеріп, оның қыздың пердесі орнында екенін, зорлыққа ұшырамағанын айтып берді.
Ал Захиданың өзі бір емес, екі рет өзге жігіттің етегінен ұстап кетпек болған. Ал оның тұрмыстағы келіншек екенін білген жаңа “қайын жұрты” оны масқара етіп үйіне әкеп тастаған көрінеді. Енесі келіні кетсін, балалар өзіммен қалсын деп бекініп отыр.
Захида ауылда тұрғысы келмейді. Мені ұрып-соқты, мені аямады. Ауылға бармаймын деген ол қаладан бір бөлмелі үй алып, қыздарымен бірге тұрып жатыр. Жолдасы Бақытжан қасына келсе, қарсы емес екенін жеткізді. Бала-шағаммен бақытта болсам, күйеуіммен қайта татулассам деген ойын айтты.
“Мен Бақытжанның келгенін қалаймын. Еш қарсы емеспін. Бірге тұрғым келеді. Бала-шағамызды асырағым келеді. Бақытжан, екеуміз бәрін өзіміз жасадық. Бақша да ектік. Балаларды да асырадық. Мал қарадық. Үйді де өзіміз салдық. Мені кешірсе екен. Мен қателестім. Бәрін мойындаймын. Басқа жігіттермен кездестім. Бақытжанды алдадым. Мен қателестім. Бәрін басынан бастайықшы”, – деді ол.
Жолдасы оны кешіретінін, балалар үшін қайта қосылуға дайын екенін жеткізді. Алайда енесі ұлының бұл таңдауына риза емес. Ұлы Диас та анасына барудан бас тартты.
“Әйелім тағы да алдады деп жылап келсең, үйге кіргізбеймін. Бірінші рет емес, қаншасыншы рет болып тұрған жағдай. Ол өзгермейді. Ертең тағы осылай жалғасады”, – деді көңілі суыған қарт ана.
Айта кетейік, бес балалы келіншектің бұған дейін күйеуі бола тұра өзге жігіттермен кездескені белгілі болған еді. Осылай деп күйеуі мен енесі айыптады. Көпшілік таңданысын жасырмады. Әрекетін бастапқыда мойындамаған Захида енді кешірім сұрап ақталды.
Фото: alashainasy.kz
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.