Түркістандық кәсіпкердің суармалы жер учаскесіне заңсыз тыйым салынған

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Әртүрлі 10 сәуір, 2023

Түркістан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке бизнес өкілі суармалы 1,9 га жер учаскесіне сот шешімімен қойылған тыйымды босатуға көмек беру туралы шағыммен жүгінген, деп хабарлайды Turkistan Today.

Кәсіпкердің шағымын Облыстық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп қарау барысында Түркістан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы визуалды тексеру негізінде нақты фактілерді анықтамай, бау-бақшамен айналысатын жер учаскесіне заңсыз құрылыс салу туралы талаптар қойғаны анықталды.


Сот шешімімен кәсіпкерге заңсыз ғимараттарды бұзу туралы талап қойылып,  атқарушылық іс жүргізу негізінде шектеулер қойылған. Нәтижесінде, жергілікті әкімдік кәсіпкерге 1000-нан астам жеміс-жидек көшеттері бар суармалы жер учаскесіне су беруден бас тартқан.


Осылайша, Антикор қызметтің ұсынымдары бойынша атқарушылық іс жүргізу тоқтатылып, бизнес субъектісіне қатысты барлық қойылған шектеулер мен кедергілер алынып тастау жолымен кәсіпкердің құқығы қорғалды.


1.3k

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.