Түркия еліне көмекке 100 киіз үй

Түркия еліне көмекке 100 киіз үй
90-ға таяу киіз үйді тиеп ап, көп күткен ұшағымыз келе жатыр. Картаға қарап, бағып отырмыз. Сағат 13:00 Аданаға қонады да, жүктерді Қаһарман Марашқа алып келеміз.
Иә, қырғыз бір туғандар бізден бұрын боз үйлерін әкеп, тігіп қойды. Неге Олар бірінші болды?

Өйткені, біздер бозүйге жылу ашып, жинап бастағанда; Қырғыз Президентіне, депутаты ұсыныс айтты. “Біз де 100 киіз үй апарайық”,-деп. Президенті бірден тапсырма берді. Арнайы ауыр ұшақ дайындатып, оған киіз үйлерді тиеп, Түркияға әкеле қойды, деп Turkistan Today хабарлайды, Нұрбек Бекбаудың жариялымына сүйене отырып.

Ал біз ше? “100 киіз үй” науқанының басы-қасында жүрген шөкімдей-ақ, қарапайым азаматтардан құралған топпыз. Бірақ, басқалар мемлекеттік деңгейде қолға алған шаруасын, 3-4-ақ адам боп орындай алдық. Айтайын дегенім ол емес.

Киіз үйлерді тез жинадық. Вооот ұшақ мәселесі қып-қызыл проблема болды. ЭйрАстанаға шықтық, обалы не керек, үлкен жүк ұшағымыз жоқ,-деп жағдайын айтты. МЧС тек ақпанның 20-ларында киіз үйлеріңді әкете аламыз. Сол кезде, төтеншенің сарбаздарын әкетуге барамыз. Ұшағымыз бос кетпесі үшін, тиеп алып кете аламыз,-деді. Тым кеш еді.

Содан Түркиш Эйрға, КАРГО ұшақ берсеңдер,-деп өтінішпен шықтық. Келістік. Ол бойынша: Жұма яки сенбі киіз үйлерді тиеп, әкелуі керек болған. Бірақ, біз жәй азаматтармыз. Мемлекеттік деңгейдегі шенеунік емеспіз. Сондықтан, Түркиш Эйр — Түркияға шұғыл зат әкелу керек боп, әлемнің әр бұрышына Каргосын айдап кетіп жатты. Бізге “қолы тимей кетті”. Егер біздің жүкті Түркияға жеткізу — мемлекеттік деңгейде қолға алынса еді, сенбі күні ақшаңқан қазақ үйлер жайнап тұрар еді. Бар себеп осы ғана. Қырғыздар өз ұшағымен әкелді. Біз біреудікін сұрап алып жатырмыз. Енді міне, сағат 13:00 Аданаға қонады, иншаАлла.

P/S: Бірінші боп Қырғыз әкеле ме, Қазақ әкеле ме, маңызды ол болмауы керек еді. Қайсібіреулердің “намыстанып” жер тепкілеп жатқанына таң қалдым. Ең бастысы осы киіз үйлер тез жетіп, тоңған жұрттың бойын, жүрегін жылытсақ болды емес пе? Алла жазса, кешке қазақ үйлер тігіледі. Видеосын жариялаймын. Қазақ елі күн сөнгенше аман тұрсын!

Сіздің реакцияңыз қандай?

like
0
dislike
0
love
0
funny
0
angry
0
sad
0
wow
0