Түркияда жол-көлік оқиғасы орын алып, салдарынан Қазақстан азаматы қаза тапты. Бұл туралы Түркияның TRT Haber басылымы мәлім етті, деп Turkistan Today хабарлайды El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Түрік ақпарат құралдарының хабарлауынша, Алания аймағында көлік апатынан 3 турист қаза тапты.
Белгілі журналист, "Зейін Атырау" ерекше балаларды оңалту орталығының негізін қалаған Арайлым Бағытжан Антальядағы ірі жол апатына түсіп, өмірден өтті. Әріптесімізбен бірге кішкентай сәбиі де о дүниелік болды. Жолдасы қиын жағдайда ауруханада жатыр. Қазіргі уақытта Түркиядағы Қазақстан елшілігімен арада келісімдер жүргізіліп, ауруханада қиын жағдайда жатқан бауырымыздың тиісті ем алуына жағдай жасалуда, - деп жазды Жасұлан Бисембиев Facebook парақшасында.
Екі көліктегі де жараланған 17 адамның алтауы Түркия азаматы, жетеуі Израиль азаматы, екеуі ресейлік, екеуі қазақстандық екені белгілі болды.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.