Түркияның Қазақстандағы елшілігі Түркияның оңтүстігіндегі жер сілкінісіне байланысты жәрдем науқаны туралы хабарландыру жариялады, деп хабарлайды Turkistan Today, Qamshy.kz дереккөзіне сүйене отырып.
"Елімізде болған жер сілкінісіне байланысты Түрік-Қазақстан іскерлер қауымдастығымен бірлесе отырып, AFAD ресми шотына аударылатын қаржылық көмек науқаны басталды. Жиналған ақша Қазақстан Ziraat Bank (KZI Bank) AFAD шоттарына ешқандай комиссиясыз аударылады. Өзіңіздің жеке және корпаративтік шотыңыздан ақша аударымын жасай аласыз", делінген хабарламада.
Алматыдағы консулдық Түркияға көмек көрсету үшін арнайы есепшот ашқан. Ақшаны Kaspi.kz қосымшасы арқылы да жіберуге болады.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.