Тыл ардагерлеріне құрмет көрсетілді

Жаңалықтар 8 мамыр, 2025

Биыл елімізде Ұлы Жеңістің 80 жылдығы кеңінен аталып өтілуде.Мереке қарсаңында облыстық мәслихат төрағасы Н.Әбішов соғыс жылдары тылда еңбек еткен Отырар ауданының тұрғыны Шынар Батанова мен Ордабасы ауданының тұрғыны Күнтай Сағындықова апаларымыздың үйлеріне барып, құттықтады,- деп хабарлайды turkistan.today

Мәслихат төрағасымен бірге тыл ардагерлерін құттықтауға облыстық мәслихат депутаттары М.Манапов пен Ғ.Райымбеков, Отырар ауданы әкімі Қ.Жолдыбай, Ордабасы ауданы әкімі А.Оралбаев барды.

Мәслихат төрағасы апаларымызға соғысқа аттанған ер азаматтарға қолдау көрсетіп, тылда тізе бүкпей қажырлы еңбек еткендері үшін алғысын айтып, сый-сияпат жасады. Еңбек майданындағы істері кейінгі ұрпаққа өнеге екендігін жеткізіп, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тіледі.

Айта кетсек, тыл ардагері Шынар Батанова 1928 жылы дүниеге келген. Соғыс жылдары ерте еңбекке арласып, колхоздың әртүрлі жұмыстарын жасаған. Ұлы жеңістің 50, 60, 70 жылдық медальдарымен марапатталған. Жұбайы Ұлы отан соғысының ардагері Сейіт Есінбаевпен бес бала тәрбиелеп, өсірді. Бүгінгі таңда 12 немере, 28 шөбере, 4 шөпшек сүйіп отыр.

Тыл ардагері Күнтай Сағындықова 1926 жылы Темірлан ауылында дүниеге келген. "Полезный труд" колхозында жұмысшы, кейіннен         1944 жылы звено жетекшісі болған. Қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, 1948 жылы Темірлан ауылдық Кеңесіне депутат болып сайланып, туған өлкені түлету жолында қызмет еткен. "Ұлы Отан соғысындағы ерен еңбегі үшін" медалімен, Ұлы жеңістің 50, 60 жылдық мерекелік медальдарымен марапатталған. 8 ұл-қыз тәрбиелеп, 1965-жылы 2 дәрежелі, 1967-жылы 1 дәрежелі "Ана даңқы" медалі берілген.
​Жалпы, Түркістан облысында 8 - Ұлы Отан соғысының ардагері,           2 897 - тыл еңбеккерлері бар. Барлығына мемлекет тарапынан тиісті қолдаулар көрсетілуде.

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.