ТЖМ құтқарушылары биіктігі 2630 метр тауға шықты

Жаңалықтар 7 мамыр, 2025

Қазақстан Республикасы Отан қорғаушылар күні қарсанында ТЖМ құтқарушылары Шығыс Қазақстан облысы ТЖД  басшылығымен Риддер қаласы маңында орналасқан Иванов жотасындағы теңіз деңгейінен 2630 метр биіктікте орналасқан «Үш ағайынды» тау шыңына патриоттық мақсатта көтерілді,- деп хабарлайды turkistan.today

  «Бұл тау шыңына көтерілу – альпинистік дайындықтың негізгі бөлігі әрі қиын жағдайларда қозғалу дағдыларын жетілдірудің жолы. Жас құтқарушылар биіктікте зардап шеккендерді тасымалдау әдістерін, заманауи жабдықтарды қолдануды үйренеді», - деді ТЖД бастығының орынбасары Исхар Савазов.

  Шара барысында қатысушылардың алдында бірнеше міндет тұрды: альпинистік дайындықты шыңдау, жас құтқарушыларға биік тауда тіршілік ету тәсілдерін үйрету, моральдық-психологиялық төзімділікті арттыру және альпинистік жабдықтарды сынақтан өткізу. Іс-шара аясында жедел-құтқару жасағының жас қызметкерлері төмен температура жағдайында дала лагерінде өмір сүруге де машықтанды.

  Барлық құтқарушылар тапсырмаларды сәтті орындап, 2600-ден астам метр биіктікте ҚР ТЖМ туын тікті.

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.