ҰҚК басшысы өмірбаянына қатысты сұраққа жауап берді

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Жаңалықтар 14 шілде, 2023

ҰҚК басшысы Ермек Сағымбаев өмірбаяны мен арнайы қызмет жұмысы туралы сұраққа жауап берді, - деп Turkistan Today хабарлайды Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Айта кетейік, бүгінде ұлттық қауіпсіздік органдарына 31 жыл толып отыр. 1992 жылы 13 шілдеде ҰҚК құру туралы Президенттің Жарлығына қол қойылған.

Ермек Сағымбаев сұхбатында қазір ҰҚК қалай жұмыс істейтіні туралы айтты. Сондай-ақ, одан жеке өмірбаяны туралы егжей-тегжейлі айтып беру сұралған.

"Мен қарапайым отбасыда туып-өстім. Сол кездегі барлық жастар сияқты мен де әскер қатарында болдым, жоғары инженерлік білім алдым. Спортпен белсенді айналыстым. Республика тәуелсіздік алған тұста ұлттық қауіпсіздік органдарына қызметке шақырылдым. Көптеген әріптесім сияқты мен де кіші жедел қызметкер болып бастап, барлық кезеңдерден өттім. Мемлекеттік күзет қызметінде де жұмыс істегенмін", - деп жауап берді ол.

Бұл ретте Сағымбаев арнайы қызмет басшысы лауазымы тек Қазақстанда ғана емес, басқа мемлекеттерде де толық жария емес екенін еске салды.

"Қоғам Ұлттық қауіпсіздік комитетін оның басшыларының өмірбаянына қарап емес, қызметіміздің нәтижесіне қарай бағалағанын қалаймын", - деді ол.

"Казахстанская правда" газетіне берген сұхбатында ол ҰҚК жұмысына да тоқталып, былтырдан бері ведомство бірқатар күрделі қарсы барлау операцияларын сәтті жүзеге асырғанын атап өтті.

"Құпияларды қорғау саласындағы жұмыстың негізгі бағыттарының бірі бойынша ҰҚК мемлекеттік органдарда 334 тексеру жүргізді, 3 мыңнан аса заңбұзушылық анықталды және жойылды, 9 адам қылмыстық жауапкершілікке, 320 адам әкімшілік және 372 адам тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Терроризмге қарсы іс-қимыл аясында кейінгі 5 жылда халық көп жиналатын жерлерде және билікке қарсы дайындалып жатқан 18 лаңкестік әрекеттің жолы кесілді".

Сағымбаевтың айтуынша, экономикалық қауіпсіздік саласында ҰҚК қабылдаған шаралардың нәтижесі 1,4 триллион теңгеге жуықтаған, оның ішінде мемлекетке келтірілген 890 миллиард теңгенің алдын алған және бюджетке 493 миллиард теңге өтелген.

"Қазіргі заманда ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету ҰҚК жұмысының басым бағыттарының бірі болып табылады... Тек 2023 жылдың басынан бастап 95,4 миллионнан аса кибершабуылдар және қазақстандық интернет сегментінің қорғалған мемлекеттік және өзге де ресурстарына 3 000 DDoS-шабуыл болды", - деп бөлісті ол.

Еске салайық, Ермек Сағымбаев 2022 жылдың қаңтарында ҰҚК басшысы болды. Бұған дейін ол Мемлекеттік күзет қызметін басқарған.

930

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.