«Унитаздың суын ішкізді». Атыраудағы “Шаңырақ” балалар үйінің тәрбиеленушісі халықтан көмек сұрады

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Жаңалықтар 10 шілде, 2023

Желіде Атыраудағы «Шаңырақ» балалар үйінің тәрбиеленушісінің видеосы тарады, деп Turkistan Today хабарлайды “Адырна” ұлттық порталына сілтеме жасап.

Видеода Нұрдәулет есімді балалар үйінің тәрбиеленушісі халықтан көмек сұрайды. Ол онда балаларды ұратынын, унитаздың суын ішкізетінін айтады.

Директор Асылжан мен психологқа “шыға тұрыңыздар” деді. Сосын маған “Нұрдәулет, мынаның бәрін өтірік деп айт, сонда ғана Шаңыраққа келгеннен кейін лидер қыламын, 3 күн батут, 3 күн кафе-ресторанға апарамын, жаңа телефон, жаңа киімдер алып беремін”, деді. Мені өзіне сатып алғысы келді. Жоқ, мынаның бәрі шындық.

Мына видеоны сіздер көріп отырсаңыздар, мен Шаңырақта әділдік орнағанын қалаймын. Әр баланың қиналғанын қаламаймын. Мен көрген қорлықты олар көргенін қаламаймын. Мысалы, мені ұрып-соғып, унитаздың суын ішкізді. Ертең өсіп келе жатқан балаларға қандай тәрбие, өнеге болады. Маған сол қызық. Ана жақта бүкіл бала қорыққаннан үндей алмай отыр. Директор қорқытып қойған. Сол үшін сіздерден көмек сұраймын, — деді видеода.

Бұл туралы журналист Армангүл Тоқтамұрат Facebook парақшасына жариялап, мұндай іс аталған балалар үйінде бірінші рет емес екенін айтты.

Жерде жетім жыласа, көкте періште күңіренеді. Атыраудағы “Шаңырақ” балалар интернаты тағы назарда. Естеріңізде ме, осы жылдың басында тағы да “Шаңырақта” балалардың бірі қатты таяқ жеп, сенім телефонына хабарласқанын “немолчи.кз” жазған еді. Директор балалардың еш зәбір көрмегенін айтқан ал, комиссия ешқандай заңбұзушылық анықтамаған.

Міне, тағы дәл осы “Шаңырақтың” баласы шырылдап отыр. Анық-қанығын құзырлы органдар анықтай жатар, егер баланың айтқаны рас болса, жауаптылар жазаланады деп сенейік! Айтпақшы, қазір депутаттар жер-жерді аралап жүр. Осы өңірден сайланған депутаттар ескерсеңіздер!

Бір айтпағым, елдегі балалар үйі біреудің жеке үйі емес. Мемлекеттік мекеме. Яғни, директордың, тәрбиешілердің өз міндеттері бар. Сол үшін айлық алады мемлекеттен, — деп жазды журналист.

892

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.