Алдағы 2-3 жылдан кейін Қазақстанда орыс тілінің ресми статусы болмайды. Мәжіліс депутаты, айтыскер ақын Ринат Заитов Abay LIVE Youtube арнасына берген сұхбатында осылай деді, деп хабарлайды Turkistan Today.
«Мен осыған сенем. Үш жылда солай болады. Бір заңды жұмыс істетіп жіберсек болды. Біз оның жарты жолына келіп қалдық. Бұл іспен Қазыбек Иса бастаған бір топ депутаттар айналысып жатыр. Бұрын Қазыбек ағамыз жалғыз еді, қазір Парламенттің жартысы бар. Қазір Алтай Көлгінов вице-премьерліктен кетіп қалды ғой, соған мемлекеттік тіл бойынша талап жолдадық, содан тіл бойынша ол кездесуге шақырған бізді. Өткенде Тамара Дүйсенова оның орнына тағайындалғанда Қазыбек Иса ағамыз «осылай жоспарлаған едік. Заңнаманың ережелерінің бәрін Алтай Сейдірұлына беріп қойғанбыз, сізге де береміз» деді. Ол «иә, міндетті түрде» деді. Демек, біз ол жиналысты асықтырамыз. Алаңдама», - деген Ринат Заитов.
Жүргізушінің «Демек алдағы екі-үш жылда орыс тілі ресми статусынан түсіп, іс-қағаздардың бәрі тек қазақша жүреді деп отырсыз ба?» деп нақтылағанда, «істетуге болады соны» деп жауап берді Заитов.
Сұхбаттың толық нұсқасын https://www.youtube.com/watch?v=iCZffHA0gNs&t=713s сілтемесі арқылы көре аласыз.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.