Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев мас күйінде стюардессаны ұрған қазақстандық әншіге қатысты қандай шешім шыққанын айтып берді, деп Turkistan Today хабарлайды El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
2024 жылғы 17 қаңтарда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен азамат Нұрымбетов әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 15 АЕК немесе 55 380 теңге әкімшілік айыппұл түрінде жауапкершілікке тартылды, - деді Қайсар Сұлтанбаев.
Әлеуметтік желідегі ақпараттарда бортсерікті ұрған әншінің Бауыржан Нұрымбетов екені айтылған. Бауыржан Нұрымбетов «Шіркін life 2» телешоуының жеңімпазы ретінде халыққа танылған. Көптеген ток-шоуларда сарапшы болған.
Айта кетейік, FlyArystan әуе компаниясы 18 желтоқсан күні ұшақта болған оқиға туралы мәлім еткен. Ұшақта қазақстандық танымал әнші әрі актер бортсерікке шабуыл жасап, маңдайынан ұрған. Сондықтан рейс 1 сағатқа кешіктірілген. Алайда, әуе компания әртістің аты-жөнін жариялаған жоқ.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.