Uzi пулеметі, тапаншалар: Ақтауда күдікті топ анықталды

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Жаңалықтар 14 тамыз, 2023

Маңғыстау облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында облыс орталығында күдікті топты анықтады, - деп Turkistan Today хабарлайды Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Тінту кезінде ұсталған адамдардан тапаншалар, мылтықтар, 100-ден аса оқ-дәрі, пышақтар және екі магазинді UZI моделінің пулеметі тәркіленді. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 287-бабы "Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру" бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу мүддесінде өзге мәліметтер жарияланбайды.

687

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.