“Қылует” рухани орталығының ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Түркістан 2 желтоқсан, 2024

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Түркістан қаласындағы құрылыс алаңдарын аралады. Жұмыс барысында рухани-мәдени орталықтан бой көтерген «Қылует» рухани орталығына барып, онда атқарылып жатқан жұмыстармен танысты,- деп хабарлайды turkistan.today

Бүгінде рухани орталықтың ішкі әрлеу жұмыстары жүзгізілуде. Өңір басшысы халық қаражатына салынып жатқан рухани нысанның маңыздылығын атап өтіп, жауаптыларға құрылыс жұмыстарын күшейтуді және сапаны бақылауда ұстауды тапсырды.  

Алғашқы кезеңнің жұмыстары толық аяқталған. Екінші кезең бойынша жұмыстар жалғасуда.  Мешіттің жалпы ауданы – 3,54 га. Мұнда көрме орталығы, 500 адамға арналған құлшылық орны, дәрісхана, кітапхана және жатақхана болады. Сондай-ақ мешіт аумағында заманауи оқу орны – медресе, яғни, қарилар дайындау орталығы болады.

Құрылысқа барша қазақстандықтар үлес қоса алады. 

Мешіттің тарихы тереңде жатыр. Түркістанда XIX ғасырдың екінші жартысында (1864-1865 жж.) салынған «Қылует» мешіті болған. Мешіт ғимараты 1960 жылы бұзылып, орнына бір күмбезді жаңа мешіт бой көтерген. Кейін келушілердің көбеюіне байланысты 1980 жылы толық сүріліп, қайта салынған. 2020 жылы мешіт жарамсыз деп танылып, бұзылған. 

 

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.