Түркістан қаласында орналасқан «Мұз сарайына» Қытайдың Харбин қаласында өткен қысқы Азия ойындарының жеңімпазы және күміс жүлдегері Абзал Әжіғалиев келіп, Түркістан облысының қысқы спорт түрлерімен айналысатын жас спортшыларымен кездесіп, шеберлік сабағын өтті,- деп хабарлайды turkistan.today
Аталған шараға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев қатысып, рухани шаһарға арнайы келіп, жас спортшылармен кездесіп жатқан Абзал Абайұлына алғыс білдірді.
Қысқы Азия ойындарының жеңімпазы және күміс жүлдегерінің келуі аймақтың жас спортшылары үшін үлкен маңызға ие болды. Себебі, жас өрендер чемпионмен сұхбаттасып, жігерленеді. Абзал өңірде қысқы спорттың дамуына үлес қосып, жас спортшылармен шеберлік сабағын өткізді.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.