Кітапханаға жаны құмар жан еңбек жолын 1973 жылы Құркелес ауылдық кітапханасында кітапханашы болып бастаған
Бүгінде адалдықтың ақ жүгін арқалаған, қоғамның дамуына, жастардың білімді болып қалыптасуына өз үлесін қосқан кітапханашылардың бірі сарыағаштық Гүлсара Көбенова,- деп хабарлайды turkistan.today
Кітапханаға жаны құмар жан еңбек жолын 1973 жылы Құркелес ауылдық кітапханасында кітапханашы болып бастаған. Қырық жылын ауылдық кітапхананың өсіп- өркендеуіне арнаған Гүлсара апамыз 2012 жылы абыроймен зейнетке шыққан. Өз ісінің маманы қызмет жолында ауыл әкімдерімен, зиялы қауым өкілдерімен де тығыз жұмыс істеген. Өз ісіне адал еңбекқор жан 2 рет аудандық мәслихат депутаты болып сайланған.
Өз ісінің майталманы атанған кейіпкеріміздің ұлы Өміржан Қарабасов та ана жолын қуып, өмірін кітапханашылыққа арнаған. Кітапханашылар сан түрлі кітапты күтіп-баптап ғана қоймай, көңіліне тоқып, сол алған білімін оқырмандарға ұсынып, жеткізетін мамандық иелері. Бүгінде Өміржан Рахымқұлұлының жастарды кітап оқу мәдениетіне тәрбиелеуге, оқуға көз-қарасын оятып, қызығушылығын арттыруға, әдебиеттерді іріктеуге көмек көрсетуде беделді қызметтер атқарып келеді.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.