Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның үшінші отырысында Магеррам Магеррамов Қазақстан Халық партиясының Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсыныстарын талқылауға белсенді қатысып жатқанын және Ата заңға өзгерістер енгізу тарихи маңызды процесс деп санайтынын атап өтті.
Ол елді жаңартудың негізгі элементтерінің бірі– пропорционалды негізде құрылатын бірпалаталы парламент құру жөніндегі ұсыныс екенін айтты. Партияның пікірінше, бұл ұсыныссаяси дискуссияны жандандырып,партиялардың мемлекеттік саясатқа әсерін күшейтуге мүмкіндік береді.
«Бір палаталы парламентте пропорционалдысайлау жүйесі – бұл, сөзсіз, саяси партиялардынығайту, олардың мемлекеттік саясатқаықпалын арттыру. Көппартиялық өкілдік – өкілдік демократияның көрсеткіші және саясижүйенің тұрақтылығының негізі», — дедіМагеррамов.
Ол сондай-ақ жаңа парламенттік жүйе заң шығарушы органның ықпалын күшейтетінінжәне саяси жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз ететінін, ал «Заң мен Тәртіп» қағидатын Конституцияда бекіту азаматтардың құқықтарымен міндеттерінің теңгерімді үйлесімінқалыптастыратынын атап өтті.
«Заң тәртіпсіз күшін жоғалтады, ал заңсызтәртіп озбырлыққа айналады. Сондықтан «Заңмен Тәртіп» – әділетті қоғамның ажырамасқұрамдас бөліктері және азаматтардыңқауіпсіздігі мен еркіндігінің кепілі», — деп қостыол.
Сөзінің соңында Магеррамов Конституцияғаенгізілетін ұсынылған өзгерістер тиімдіпарламент құруға мүмкіндік беретінін жәнеқоғамдық дамудың негізгі факторы болатынына сенім білдірді.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.