Заң және тәртіп: Түлкібаста "Құқық, әділет және парасат жолы” тақырыбында кездесу өтті

Фото: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Фото: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Түркістан 25 қараша, 2024

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқы Жолдауында "Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын терең орнықтыру қажет" деген болатын,- деп хабарлайды turkistan.today

Жолдауда аса мән берілген бұл тақырып аясында елімізде түрлі шаралар қолға алынып, жұмыстар атқарылуда. Түркістан облысы, Түлкібас ауданына қарасты Б.Садықов атындағы жалпы білім беретін мектепте "Құқық, әділет және парасат жолы” тақырыбында кездесу өтті.

Іс-шараның мақсаты - оқушыларға құқықтық сауаттылықтың маңыздылығын түсіндіру, әділеттілік пен парасаттылық ұғымдарының мәнін ашып, оқушыларды заңға құрметпен қарауға тәрбиелеу және жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу және жауапкершілік мәдениетін қалыптастыру. Кездесу барысында оқушыларға заңның қоғамдағы рөлі, құқықтық тәртіп пен жеке жауапкершілік туралы ақпарат берілді. Сондай-ақ, заңға қайшы әрекеттердің салдары жайлы нақты мысалдар келтіріліп, құқықтық сауаттылықтың маңыздылығы айтылды. 

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.