Өзбекстанда қазақтар ақын Абайдың мерейтойын дүркіретіп атап өтті

Жаңалықтар 18 сәуір, 2025

Өзбекстан қазақтары Абай Құнанбайұлының  мерейтойын атап өтті,- деп хабарлайды turkistan.today

Абай мұрасы – қазақ халқының ең қасиетті қазынасы. Абай қашан да өзінің халқымен мәңгі бірге жасайды.

Абайдың кім екенін сұрасақ, әрбір үшқұдықтық азаматтар: «Абай -дана ақын, өз заманының озық ойлы демократы, тіл ағартушысы, терең ойшыл, қоғам қайраткері, көрнекті ақын, сөз өнеріне өз үлесін қосқан талантты сазгер, артына татымды ән мен ойлы күй қалдырған асқан өнер иесі»,- деп айта алады.

Биылғы жылы Абайдың туғанына 180 жыл толуына орай Науаи облысы Үшқұдық ауданының барлық қазақ ауылдарында мәдени-көпшілік шаралар өткізілуде.

Үшқұдық ауданы Мыңбұлақ ауылында ұйымдастырылған танымдық шара мектеп директоры Ерлан Қонарбаевтың ұйымдастырумен Абай Құнанбаевтың 180 жылдығы көтеріңкі көңіл-күйде басталып, зор ұйымшылдықпен өтті.

Алғаш  “Абай- дана, Абай дара” атты жыр бәйгесінде оқушылар Абайдың өлеңдерін, қара сөздерін жасқа айтып сынға түсті. Сайысқа аудандағы №1, 2, 4, 11, 12 қазақ тілінде білім беретін жалпы білім беру  мектебі оқушылары  қатысып, Абай жырларын нақышына келтіре, мәнерлеп жатқа айтып берді. 
Байқау қорытындысына орай, жыр сайысында І орынды №11 мектептің 9-сынып оқушысы Өсерова Балжанның еншіледі. Екі ІІ орынға №11-мектептің 9-сынып оқушысы Айтбаева Ақерке мен №12 мектептің 8-сынып оқушысы Бекмұратова Балымсұлулар ие болды. Жүлделі ІІІ орындарды №11 мектептің  8-сынып оқушысы Кеңесбаев Нұршат және де №12 мектептің  9-сынып оқушысы Бекмұратова Гүлниса қанжығасына байлады.

Мәдени-танымдық шара барысында  «Бала дауысы» атты ән-байқауы өткізілді.  Жастарды өнерге баулу мақсатында өткізілген ән-байқауына Үшқұдық ауданындағы қазақ тілде оқытылатын мектептерінен жалпы 8 оқушы қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Ән-байқауы қорытындысына орай жүлделі І орынды Құлқұдық ауылындағы №1 мектептің 6-сынып оқушысы  жас әнші Ғаниев Нұрладин иеленеді.   №11 мектеп оқушылары Өсербаева Балжан мен Ақмұрзаев Нұргелді ІІ орынға лайық деп табылса, жүлделі ІІІ орынға №2 мектеп оқушысы Жарымбетова Іңкәр және №11 мектеп оқушысы Құлманов Нұрбала өнері жеңімпаз аталды.

Айта кетелік, сайыс соңында барша жүлдегерлер ұйымдастырушылар мен демеушілердің естелік сыйлықтары, мақтау жарлықтарымен марапатталды.

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.